Тіл үйрер печенье ✅ Құрамы: 🔸 200 г май 🔸 200 г майонез «Провансаль» 🔸 1 жұмыртқа 🔸 1 стақан қант 🔸 3,5 стакан ұн 🔸 2 ш.қ. ваниль қанты 🔸 1/2 ш.қ тұз 🔸 1 ш.қ. қопсытқыш ✅ Дайындау: Май мен майонезді араластырыңыз, жұмыртқа, тұз, қант, ваниль қантын қосыңыз. Қопсытқышты ұнға қосып, қамыр илеңіз. Қалыпты майлаңыз. Арасын 1 см етіп, печеньеларды салыңыз. 15-20 мирут 200 градуста духовкада пісіріңіз. Ас болсын!🍩 Круассан ✅ Құрамы: ✅ Қамырына: 🔹 Сүт (жылы) — 1 стақан 🔹 Су (жылы) — 1 стақан 🔹 Сұйық май — 0,5 стақан 🔹 Жұмыртқа — 1 дана + 1 ақуыз 🔹 Тұз — 1 шай қасық 🔹 Шекер — 2-3 асқасық 🔹 Ашытқы — 1 асқасық 🔹 Ұн — 5 стақан 🔹 Арасына: 🔹 Кез -келген шоколад пастасы 🔹 Сары май немесе слойка майы — 100 гр ✅ Үстіне: 🔹 Жұмыртқаның сарыуызы — 2 🔹 Шекер ұнтағы (сахарная пудра) ✅ 1. Ыдысымызға жылы су, сүт, сұйық май құйып, үстіне тұз, шекер, ашытқы, 1 жұмыртқа + 1 жұмыртқаның ақуызын салып, араластырамыз. Оның үстіне ұн салып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып, көтерілгенше жылы жерге қоямыз. ✅ 2. Қамыр көтерілгеннен кейін, бірдей бөліктерге бөліп қоямыз. Барлығы 12 бөлік шығады. Майды алдын-ала табаға салып, отқа қойып, ерітіп аламыз да, қамырды тәрелкенің үлкендігіндей жайып, үстіне ерітіп алған маймызды жағамыз. Қамырдың араларына майды жағып, бірінің үстіне бірін қойып, қолымызбен басыңқырап, тоңазытқышқа майы біраз қатқанша, шамамен 15 минутқа қоямыз. Майы еріп тұрған кезде қамырды жайып әлек болмаңыз. Еріп тұрғандықтан қамырыңыз жайылмайды, сондықтан тоңазытқышқа қою міндетті. ✅ 3. Қамырды тоңазытқыштан шығарып, үстін басып, жұқа қылып жаямыз. Пышақпен үшбұрышты етіп 16-ға бөлеміз. Шетіне шоколад пастасын салып, суретте көрсетілгендей ораймыз. Барлығын орап болғаннан кейін, бетіне жұмыртқаның сарыуызын жағып, 200 дәрежеде қызарғанша пісіріп аламыз. Салқындағаннан кейін, бетіне шекер ұнтағын (сахарная пудра) сеуіп, ұсынамыз.

Теги других блогов: рецепты печенье круассан